«Рудненский рабочий» газеті. «Біз шағын отбасы сияқты өмір сүреміз» — Н.Б. Тузовский

Николай Тузовский «Рудный жылу желілері» ЖШС-те еңбек жолын слесарьден аға шеберге дейін өтті.

Николай Тузовский 2007 жылы «Рудный жылу желілері» ЖШС-не жұмысқа орналасты. Үш жыл слесарь болып жұмыс істеді, одан кейін бригадирлікке ауыстырылды, шеберге дейін көтерілді, одан кейін аға шебер болды. Ол бұл қызметте үш жылдан бері жұмыс істейді. Жұмысын ауыстыруға ниеті жоқ, барлығына риза, ұжым жақсы таңдалған.

РЖЖ-де Тузовскийлер отбасы жұмыс істейді деп айтуға болады. Бірінші   рет тракторшы болып үлкен ағасы келді, өзімен бірге біз әңгімелеп отырған інісін де шақырды. Содан кейін ортаншысы қосылды, слесарь болып жұмыс істейді. Бір жыл бұрын Николай Тузовскийдің әйелі РКС бақылаушы болып жұмысқа орналасты.

Николай Борисович «Руднысоколовстрой» АҚ департаментінен Рудный жылу желілеріне келіп, кәсіби векторды түбегейлі өзгертті. Құрылыс саласын коммуналдық салаға ауыстырды. Оған  еш өкініш жоқ. Николай Борисович  өз орнын тапқандай дейді. Оның аға шебер ретіндегі міндеті – шеберлердің жұмысын қадағалап, құжаттарын тексеру. Ол жұмысшыларға тапсырманы тезірек орындау және жылумен жабдықтаудың ұзақ мерзімді үзілістерін болдырмау үшін, әсіресе қыста, белгілі бір апатты жоюға қалай дұрыс қарау керектігін айта алады және айтады да.

Сонымен қатар, Николай Борисович «Рудненский жылу желілері» ЖШС авариялық желіде жұмыс істейді.

Оның жетекшілігінде 70-ке жуық адам жұмыс істейді, бұл алты бригада және Железорудная станциясында бір бригада. Әрқайсысында жеті-сегіз адам бар, егер механикаландыру цехын есептесек, онда шамамен 12 адам бар. Ол әркімнің мінез-құлқын жақсы біледі. Әркіммен тіл табыса алады, онсыз сіз ешқайда бара алмайсыз. Барлығы жұмыстың сапалы және уақытында аяқталуын қамтамасыз ету үшін. Аға шебер болған кезінде қарамағындағылармен бірде-бір рет кикілжің болған емес.

– Ұжым өте тату. Біз үнемі орманға, турбазаға демалуға шығамыз. Біз шағын отбасы сияқты өмір сүреміз. Өйткені, біз көп уақытымызды үйде емес, жұмыста өткіземіз. Адамдар бізбен көп жылдар бойы жұмыс істейді. Жаңа жұмысшылар да келіп жатыр. Жаңадан келгендерден қосымша бір бригада жасақталды. Жаңа арнайы техника сатып алдық, бұл жұмысты жақсартады», — дейді Николай Тузовский.

Соңғы екі жылда қалада бұрын-соңды болмаған ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Николай Борисович өткен жылы Горняков көшесінің бойындағы магистральдық жылу желілерінде бірнеше апат болғанын еске алады.

– «Біз үйлерді мұздатуға жақын қалдық». Төтенше жағдай енгізілді. Президент келді. Мен онымен жеке сөйлестім, нені және қалай болғанын түсіндірдім. Осыдан кейін бюджеттен ақша бөліне бастады. Үлкен көлемде  магистральдық желілерді ауыстыру басталды. Биыл қала бойынша магистральдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстары аяқталды. Біз өз күшімізбен, тоқсандық желілерді, соның ішінде жеке секторда да желілерді ауыстырамыз. Жұмыс жеткілікті. Жыл сайын біз жағдайды жақсартуға ұмтыламыз. Құбырлардың жарылуы азайды», – дейді «Рудный жылу желілері» ЖШС аға шебері. Апаттар туралы айтатын болсақ: Олар қыста болған кезде, тұрғындарды тек құбырдың жарылуы тез жойылып, үйге қайтадан жылу беруі ғана алаңдатады. Коммуналдық қызметкерлердің қандай жағдайда жұмыс істейтінін ойлайтындар аз.

– Жағдай қиын. 2007 жылы осында жұмысқа орналасқанымда, мен бір тәулікке жуық жұмыс істеп, бірнеше сағат қана үйде болатын кездерім жиі болатын, және күн сайын дерлік. Жылу желілерінің жағдайы мүшкіл еді. Қазір, әрине, олай емес, жағдай жақсарып келеді. Қыста біз жұмыста жиі бола бермейміз, кейде 22:00-23:00 дейін, бірақ бұрынғыдай бірнеше күн емес», — деп қосты аға шебер.

Көптеген кәсіпорындар сияқты «Рудный жылу желілері» ЖШС-де де кадр тапшылығы бар. Жастар келеді, бірақ екі-үш жылға ғана шыдайды да, жұмыстан шығып кетеді. Себебі бар. Қыс, аяз, кешке құбыр жарылды. Құбырлар — қайнаған су, бәрі бу, қараңғылық, лас, ылғалдылық. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан мамандарға тапшылық кездеседі.

– Біздің жұмысымыз көбінесе дәнекерлеушілерге байланысты. Бұл мамандық қазір алтынмен тең. Бізде мұндай мамандар аз, төртке жуық қана. Олар бәрін тез және анық жасайды. Үш-төрт жыл жұмыс істейтіндер солардан үйренеді. Айырмашылығы мынада: біреуі екі сағатта, ал екіншісі — бүкіл ауысымда дәнекерлейді. Ал кейде қайта дәрекерлеуге тура келеді. Бұл объектке кем дегенде 10 немесе 15 слесарь қойсаңыз да, бұл оңай болмайды. Оның үстіне бұл жерде құбыр қысымда болады, оған тәжірибе қажет. Сондықтан, ең бастысы, дәнекерлеуші ​​құбырды дәнекерлеп, жүйені іске қосады, содан кейін ғана үйге бара аламыз», — деп түсіндіреді Николай Тузовский.

Жалақы жағдайы жақсарды. Қазір әр жұмысшының жеке жалақысы бар, бұрын мұндай болмаған. Жұмысшылар қажеттінің бәрімен – арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Олар жұмыста кеш болса, учаскеге ыстық тамақ жеткізіледі, бұл да бұрын болған жоқ.

 Николай Тузовскийдің айтуынша, қазір блокішілік желілерден бөлек, жеке сектор желілерінде де мәселелер жиі туындайды. Жақыннан бері оларға да «Рудный жылу желілері» ЖШС қызмет көрсетеді.

– Жеке секторда жылу желілерін стыру бойынша бұрын-соңды ауқымды жұмыстар жүргізілмеген, олардың 80 пайыз желілері ескірген. Сол себепті құбырдың жарылулары көбіне сонда болады. Біз қазір тұрғындардың қыста жылудан ажырату аз болуы үшін барынша жұмыс істеуге тырысамыз. Иә, адамдар ыстық сусыз қалуға мәжбүр, бірақ біз барлық жерге үлгіре алмаймыз. Біз жеке секторда күніне алты-сегіз апатты жоямыз. Көшелердің тарлығы да жұмысты қиындатады – аулалары тар, техникаға жол жоқ, оған қоса жарық бағаналары, газ құбырларының тіректері бар, топырақ шашатын жер жоқ. Жұмыс істеу қиын. Газ құбыры тартылғаннан бері халықты газбен жылытуға көшуді сұраймыз. Тұрғындар газға көшіп жатқандықтан орталықтандырылған жылуды өшіруді сұрап келіп арыз жазады. Мұндай мысалдар әлі аз, бірақ олар бар. Адамдарға газға көшу қиын екенін түсінемін, біріншіден, қаржылық жағынан – жоба жасау керек, қазандыққа орын бөлу керек. Жалпы, көптеген нюанстар бар», — дейді Николай Тузовский.

   Ол бос уақытын отбасымен — әйелі мен қызымен өткізгенді ұнатады, қызы 18 жаста, аспазшы мамандығы бойынша колледжде оқиды. Отбасымен орманға барғанды ұнатады. Николай Борисович балық аулауды жақсы көреді, сондықтан қармақ алу үшін демалыс күндерін күтеді, бірақ оған ауа-райы әрқашан сәтті бола бермейді. Ол әйелімен және достарымен балық аулайды.

Елена ВОРОНИНА,

Автордың фотосы