«Рудный жылу желілері» ЖШС саясаты

«Рудный жылу желілері» ЖШС Рудный қ.және Қашар к. жылу энергиясын беруді, таратуды және жабдықтауды жүзеге асырады.

                «Рудный жылу желілері» ЖШС-нің басым мақсаттары өндірістің жоғары үнемділігі мен сенімділігімен біздің тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру, энергия ресурстарын тиімді басқару есебінен жылу энергиясын беру, қолайлы қоршаған ортаны сақтау, жұмысты қауіпсіз орындау, қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелдерді жою болып табылады.

                «Рудный жылу желілері» ЖШС басшылығы келесі міндеттемелер туралы мәлімдейді:

  • Жылу энергиясының сенімді жеткізушісі болу, шарттық міндеттемелерді сақтау, өйткені біздің кәсіпорынның табыстылығының негізін тұтынушыларымызбен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынастарды құру мен сақтауда көреміз.
  • Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің жылу энергиясын үздіксіз және қауіпсіз беруді қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын және басқа да талаптарды орындау;
  • Тұтынушылардың талаптарын, заңнама мен әлеуметтік-экономикалық даму стратегияларын ескере отырып, жылу энергиясын беруді және жабдықтауды дамыту;
  • Тұтынушылардың үміттерін қанағаттандыру үшін көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, кәсіпорынның әрбір қызметкерін үздіксіз жетілдіру және оның құзыреттілігінің талап етілетін деңгейін қолдау жөніндегі қызметке тарту;
  • Штаттан тыс жағдайлармен, жарақаттанумен, қоршаған ортаға, барлық мүдделі тараптардың денсаулығына теріс әсер етумен байланысты тәуекелдерді төмендету және қатерлердің алдын алу;
  • Қоғамның өзгеретін қажеттіліктеріне олардың тұрақты сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелеріне талдау жүргізу;
  • Мердігерлік ұйымдардың өкілдерін сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен талаптармен таныстыру және олардың мүлтіксіз сақталуын талап ету;
  • Сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы кәсіпорын қызметі туралы қызметкерлермен және жұртшылықпен ашық диалогты қолдау;

             Өз жұмысын орындау барысында кәсіпорынның әрбір қызметкері өз құзыреті шегінде саясатты іске асыруға, өзінің қауіпсіздігіне, әріптестері мен халқының қауіпсіздігіне, экологиялық нормаларды сақтауға және энергия үнемдеуге жеке жауапты екенін түсінуі тиіс.

              Кәсіпорын басшылығы саясатты орындау, жұмысқа қабілеттілікті қолдау бойынша өзіне міндеттеме алады және барлық қажетті ресурстарды беруге міндеттенеді.