«Рудный жылу желілері» ЖШС басшысы А. К. Жүнісовтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясы

Бүгін «Рудный жылу желілері» ЖШС басшысы А.Қ. Жүнісовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Ол 2022 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жылға арналған бірінші кезектегі міндеттерді айқындады.

Өткен жылдың қазан айында екі кәсіпорынды – «Рудненская теплосеть» ЖШС мен «Железорудная ТЭК» МКК біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңа кәсіпорын – «Рудный жылу желілері» ЖШС ұйымдастырылды. Жылу желілерінің ұзындығы трасса бойынша 45,6 км-ге ұлғайды. Қалалық жылу желілері және төлем және қызмет көрсету бөлігіндегі халыққа қызмет көрсету қазір «Рудный жылу желілері» ЖШС қолында. Кәсіпорын қаражаты есебінен 16 км. жылу желілері жөнделді, оның ішінде 14 км. — бюджеттік жобалар бойынша жылу желілерін қайта жаңартылды.

2022 жылы авариялық жөндеулер саны — 327 жағдайды құрады.

Биыл жылу желілерін ауыстыру және реконструкциялау бойынша барлық ірі жобаларды іске асыру жалғасады. Жұмыстар биылғы мамырдан қыркүйекке дейін магистральдық және кварталішілік желілерде жүргізілетін болады.

https://www.instagram.com/rudny_official/

пресс-конференция