2024 жылғы 1 сәуірден бастап Железорудная станциясы бойынша жеңілдетілген тәртіппен тариф бекітілді

ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 56-НҚ бұйрығымен «Рудный жылу желілері» ЖШС үшін 2024 жылғы 1 сәуірден бастап Железорудная станциясы бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге жеңілдетілген тәртіппен тариф қолданысқа енгізіле отырып, бекітілді – ҚҚС-сыз 23 215,07 т/Гкал.

Бекітілген тарифтің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жеңілдетілген тәртіппен тарифті бекіту. Сондай-ақ, Департаментте бекітуде тұтынушылардың барлық санаттары үшін жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді, сондай-ақ 2024 жылға арналған халық санаты үшін үй-жайдың жалпы жылытылатын ауданына байланысты сараланған тарифтерді бекітуге өтінім бар екенін хабарлаймыз.