Төлемді Сізге ыңғайлы тәсілмен жүргізуге болады

Сіз карта ұстаушылар үшін Интернет-банкинг арқылы жылу және ыстық су үшін төлем жасай аласыз:

qr-code erc
РКЦ төлемдерді қабылдау пункттерінде төлеу: Рудный қ. „Хозяюшка” 50 лет Октября к-сі, 60    Дс-Жм: 9-00 — 18-00 түскі ас: 12-30 — 13-30 „РЭК” Горняков к-сі, 78                           Дс-Жм: 8-00 — 17-00 түскі ас: 12-00 — 13-00 Строительная к-сі, 9                                Дс-Жм: 8-00 — 17-00 түскі ас: 12-00 — 13-00 Қашар кенті 1 шағын аудан, «Домовой» СҮ              Дс-Жм: 9-00 — 18-00 түскі ас: 13-00 — 14-00 Төлемдерді қабылдау пункттерінде сіз келесі әрекеттерді жасай аласыз:
  • жылу энергиясы және ыстық су бойынша қызметтерді төлеу;
  • төлемдерді салыстырып тексеруді жүргізу;
  • сізді қызықтыратын мәселе бойынша өтініш беру;
  • ТС және ЖС жабдықтау бойынша қызмет көрсетуге жеке шартты қайта жасасу (Горняков көшесі, 78 мекенжайы бойынша төлемдерді қабылдау пунктінен басқа);
  • тұрғын үй көмегін рәсімдеу үшін шот-хабарлама алу

Тұрғын үй көмегін алу шарттары

Тұрғын үй көмегін тағайындау «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңымен реттеледі. Рудный қаласының, Қашар, Горняцк және Перцев кенттерінің аумағында тұрақты тіркелген, Қазақстан Республикасында жалғыз тұрғын үйі бар аз қамтылған азаматтар көмек алуға құқылы. Бұл шарттардың біріншісі. Екінші шарт: — тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үлесі отбасының жиынтық табысының        5% — дан аспауға тиіс. Мысалы: Отбасының жалпы табысы 120 000 теңге, жалпы табыстың 5% — ы 6000 теңге, коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстар 10 000 теңге делік. Осылайша, бір айда тұрғын үй көмегінің мөлшері 4000 теңгені құрайды (10 000 — 6 000 = 4 000). Тұрғын үй көмегін тағайындау мемлекеттік қызмет болып табылады, құжаттарды қабылдау және нәтиже беру Космонавттар көшесі, 12-үй мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегін есептеу бойынша кеңес алу үшін «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не Пионерская, 21-үй, № 22 кабинет немесе 2-44-89 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Халыққа ыстық суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беру

Ыстық суды есептеу құралдарының көрсеткіштерін бірнеше жолмен беруге болады:

  1. Жұмыс күндері 8-00-ден 17-00-ге дейін әр айдың 25-күніне дейін: Рудный қаласы 2-60-08, 2-60-09, 2-60-10, 2-60-11, Қашар кенті 2-01-79, 2-01-83.
  2. WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы жұмыс күндері 8-00-ден 12-00-ге дейін және 13-00-ден 17-00-ге дейін (дүйсенбі-жұма) жеке тұлғалар үшін 8-701-761-04-97 нөміріне және заңды тұлғалар үшін 8-701-761-05-19 нөміріне әр айдың 25-күніне дейін: Мы в WhatsApp
  3. Telegram мессенджерін пайдалану. Чат-бот біздің қызметтерімізді онлайн режимінде пайдалануға мүмкіндік береді, іздеу жолағына «РКЦ РТС» енгізу жеткілікті, ботты іске қосу және нұсқауларды орындау жеткілікті. Телеграмм-Ботта сіз салыстырып тексеру жүргізе аласыз, БС есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін бере аласыз, белгілі бір кезең үшін шот-хабарламаны көре аласыз.
  4. РКЦ төлемдерді қабылдау пункттерінде жылу энергиясы мен ыстық су үшін ақы төлеу кезінде ыстық суды есепке алу аспабы бойынша соңғы көрсеткіштерді кассирге хабарлауға болады.
  5. «Город ЕРЦ» сайты арқылы жылу энергиясы және ыстық сумен жабдықтау үшін ақы төлеу кезінде.
  6. Жылу энергиясы мен ыстық су үшін «CENTERCREDIT»банкі арқылы төлеген кезде.
  7. Жылу энергиясы мен ыстық су үшін «Kaspi bank» арқылы төлеген кезде.

Кәсіпорын деректемелері:

«Рудный жылу желілері» ЖШС,
Қазақстан Республикасы, 111500 Қостанай облысы,
Рудный қаласы, 40 лет Октября көшесі, 2/2 құрылыс
тел.: (71431) 2-47-05, e-mail: info@rudteploset.kz
БСН 221040021614
БИК EURIKZKA
ИИК KZ2694807KZT22032047 «Еуразиялық Банк»АҚ