06.04.2023. Жалпықалалық сенбілік

Бүгін «Рудный жылу желілері» ЖШС қызметкерлері Батищев-Тарасов көшесіндегі (Свердлов көшесінен Мир көшесіне дейін) жалпықалалық сенбілікке қатысты. Сондай-ақ кәсіпорын ғимаратына іргелес аумақ (40 лет Октябрь 2/2 көшесі) ретке келтірілді. Сенбілік барысында келесі жұмыстар жүргізілді: көшелерді санитарлық тазарту, қоқыстарды жинау және ұйымдастырылмаған қоқыс үйінділерін жою. Бірге біз өз қаламызды таза етеміз!