«Рудный қаласының, Қашар кентінің және Горняцк кентінің жылу желілерін реконструкциялау» бағдарламасы бойынша жобалар
Бірінші жоба: Рудный қаласының магистральдық жылу желілерін қайта жаңарту.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мерзімі – 2 жыл (2021-2023 ж.ж.). Мердігер мекеме – «АЗИЯЭНЕРГОПРОЕКТМОНТАЖ»ЖШС. Қайта жаңартуға жылу желілері құбырларының ұзындығы-4,127 км.
Екінші жоба: Рудный қаласының кварталішілік жылу желілерін қайта жаңарту.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мерзімі – 2 жыл (2021-2023 ж.ж.). Мердігер мекеме — «САПА ҚҰРЫЛЫС 2007″ЖШС. Қайта жаңартуға жылу желілері құбырларының ұзындығы-тас жол бойынша 9,4759 км. 2021 жылы тас жол бойынша 1,806 км қайта жаңартылды.
Үшінші жоба: Горняцк кентінің жылу желілерін қайта құру.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мерзімі – 2 жыл (2021-2022 ж.ж.). Мердігер мекеме – «Emaar»ЖШС. Қайта жаңартуға жылу желілері құбырларының ұзындығы-тас жол бойынша 2,2535 км. 2021 жылы тас жол бойынша 0,6034 км қайта жаңартылды.
Төртінші жоба: жылу сорғы станцияларын қайта құру (1, 3, 6, ПНС).
Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мерзімі – 2 жыл (2021-2023 ж.ж.). Мердігер мекеме – «Бур — Най»ЖШС. Ауыстыру үшін сорғы қондырғыларының саны-13 дана. 2021 жылы № 1 КСС (Топорков к-сі) және № 3 КСС (Корчагин к-сі) құбыр желілері мен бекіту арматурасын (ысырмалар/крандар) ауыстыру орындалды.
Бесінші жоба: Қашар кентінің магистралды жылу желілерін қайта құру.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау мерзімі-3 жыл (2020, 2021 – 2022 ж.ж.). Мердігер – «ЕвроЛидер»ЖШС. Қайта жаңартуға жылу желілері құбырларының ұзындығы-5,6645 км. 2020, 2021 жылдары тас жол бойымен 1,0892 км қайта жаңартылды.