Тактикалық-арнайы жаттығулар

24 қарашада «Қыс-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде Рудный қаласының аумағында Рудный индустриялық институты ауданында авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. «Рудный жылу желілері» ЖШС қызметкерлері диаметрі 530 мм магистральдық құбырдың апатын (екпінін) жоюды имитациялады, барлық қатысушылар жеке қорғаныс құралдарында (ЖҚҚ) болды. № 1 учаске жұмысын атқарды, буын командирі Н. Б. Тузовский.