2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіле отырып, жеңілдетілген тәртіппен тарифтер бекітілді

ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 15 ақпандағы №40-НҚ, №41-НҚ бұйрықтарымен, «Рудный жылу желілері» ЖШС үшін 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіле отырып, жеңілдетілген тәртіппен тарифтер бекітілді:

— Рудный қаласы бойынша жылу энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтерге – ҚҚС – сыз 4 603,52 т/Гкал,

— Қашар кенті бойынша жылу энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтерге – ҚҚС-сыз 2 567,94 т/Гкал,

— Рудный қаласы бойынша жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге – ҚҚС-сыз 9 203,97 т/Гкал.

— Қашар кенті бойынша жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге — ҚҚС-сыз 8 703,23 т/Гкал.

Бекітілген тарифтің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жеңілдетілген тәртіппен тарифтерді бекіту.

Сондай-ақ, Департаментте бекітуде тұтынушылардың барлық санаттары үшін жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты сараланған тарифтерді, сондай-ақ 2024 жылға арналған халық санаты үшін үй-жайдың жалпы жылытылатын ауданына байланысты сараланған тарифтерді бекітуге өтінім бар екенін хабарлаймыз.