Құрметті Железорудная ст. тұтынушылары!
«Рудный жылу желілері» ЖШС – («РЖЖ» ЖШС) «табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 18-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифті қалыптастыру қағидаларының 638-тармағына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы айқындаған 2025 жылғы 1 сәуірден бастап «РЖЖ» ЖШС-нің Железорудная станциясы бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтеріне тарифтің тарифті индекстеу деңгейінен аспайтын шамаға өзгергені туралы 2025 жылы 28 ақпанда сағат 10:00-де жария тыңдаулар өткізетіндігі туралы хабарлайды.
«РЖЖ» ЖШС тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды осы жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Жария тыңдау Рудный қаласы, 40 лет Октября көшесі 2/2, «Рудный жылу желілері» ЖШС, акт залы мекенжайы бойынша өтеді.
Сондай-ақ, тұтынушылар «ZOOM» қосымшасы арқылы қоғамдық тыңдауға қатысу үшін желіге қосылу мүмкіндігіне ие болады.
«ZOOM» қосымшасы арқылы уәкілетті органның ведомствосы айқындаған тарифті индекстеу деңгейінен аспайтын шамаға тарифтің өзгеруі туралы жария тыңдауларға қосылу үшін сілтеме:
Конференция идентификаторы: 7335308680
Кіру коды: RTS2022 Қосымша ақпарат пен анықтамаларды көрсетілген телефон арқылы алуға болады: 8 714 31 2 47 65