«Рудный жылу желілері» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті 2024 жылғы 19 ақпанда Рудный қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге «Рудный жылу желілері» ЖШС-ның тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өткізілді (Железорудный ст.).
Жария тыңдауға субъектінің 7 тұтынушысы қатысты.
Тұтынушыларда сұрақтар болған жоқ.
Жария тындауға келіп қатыса алмағандар үшін тыңдау онлайн режимде өткізілді.
Жария тыңдау қатысушыларының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департамент шешімі 2024 жылғы 29 ақпанда қабылданатын болады.