ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР!
Қостанайда кезекті қоғамдық қабылдау өтеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерімен, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының филиалы, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп, коммуналдық қызметтер саласындағы проблемалық мәселелер бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізеді.
Тұтынушылардың қабылдауы 2024 жылғы 14 мамырда сағат 15-00-ден 16-00-ге дейін дейін Facebook әлеуметтік желісінде сілтеме бойынша тікелей эфирде өтеді: https://www.facebook.com/profile.php?id=100037882178887.
Осыған байланысты, Департамент Қостанай қаласы мен облысының тұрғындарын, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің проблемалық мәселелері бойынша өзге де мүдделі тұлғаларды қабылдауға қатысуға шақырады.
Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісіндегі осы хабарландыру астында әркім өз сұрақтарын онлайн-режимде жауап берілетін түсініктемелер түрінде қалдыра алады.