Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Құрбан сөзі араб тілінде «жақындау» деген мағынаны білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал айт – мереке, мейрам, қуаныш деген сөз. Құрбан айт күндері мұсылманның атқаратын ең жақсы ісі – құрбандық шалу. Осы арқылы пенде Алла Тағалаға жақын болады, күнәлары кешіріледі. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал» – деп бұйырған.

Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрам. Мұсылман қауымы Құрбан айтты қатарынан үш күн тойлайды. Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Биыл Құрбан айт 28, 29, 30 маусым күндері аталып өтеді.