Чат бот (@RKC_Rudteploset_Bot) сізге біздің қызметтерді онлайн пайдалануға мүмкіндік береді.
Telegram ботында сіз өзіңіздің жеке кабинетіңіздегі деректерді салыстыра аласыз, жеке ыстық су есептегіштерінің ағымдағы көрсеткіштерін нақты уақыт режимінде бере аласыз, сонымен қатар есептегіштерді мемлекеттік тексеру күнін еске түсіре аласыз, кез келген өзіңізді қызықтырған кезең үшін шот-фактура хабарламасын жасай аласыз. Біз сіз үшін жұмыс жасаймыз, уақытыңызды үнемдейміз!!!
Чат ботымен жұмыс істеуді бастау үшін іздеу жолағына «РКЦ РТС» сөздерін енгізіп, ботты іске қосыңыз. Содан кейін нұсқауларды орындаңыз. Жеке шотыңызды енгізіңіз. Сәлемдесу хабары, тұтынушы мекенжайы және қызмет мәзірі пайда болады. «Салыстыру» парақшасын таңдаған кезде бот сіздің жеке кабинетіңіз және қарыздың ағымдағы жағдайы туралы толық ақпаратты береді. «Ыcтық Су ӨЛШЕУ ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ көрсеткіштерді беру» парақшасын таңдаған кезде бот алдыңғы көрсеткіштерді көрсетеді және ағымдағы көрсеткіштерді енгізуді сұрайды. Көрсеткіштерді дұрыс енгізсеңіз, бот сізге тұтынылған су мөлшерін береді. Көрсеткіштердің көп санын енгізсеңіз, көрсеткіштер қабылданбайды және бот оларды тексеріп, әрекетті қайталауды ұсынады. «Шот-фактура-хабарлама» мәзір парақшасын таңдаған кезде, бот сізден шот-фактураны алғыңыз келетін айдың нөмірін, содан кейін жылды енгізуді, төрт таңбалы нөмірді сұрайды. Ақпарат смартфонда көруге және сақтауға болатын PDF күйінде шығарылады.
Құрметті тұтынушылар, чатбот тек жоғарыда аталған командаларға жауап беретінін ескеріңіз. Басқа сұраулар, сондай-ақ кез келген нысандағы сұрақтар өңделмейді, өйткені робот оператор емес