09.08.2024. Тұтынушылардың назарына!

Құрметті тұтынушылар, ЖЭО жөндеу жұмыстары жоспарланғандай 9 тамыз күні сағат 21-00-ге дейін аяқталады.
Жылу желілерін толтыру бір тәулік ішінде жүргізіледі. 182 км желіні толтыру үшін қажетті судың жалпы көлемі 16 мың м3 құрайды.
Құбырларды толтырғаннан кейін желілер айналымға қойылады.
Қысым көтерілгенде желілік суды жылыту басталады.
Жүйені іске қосу мерзімін қысқарту үшін тұтынушылардан 11 тамызға дейін краннан су жібермеуін сұраймыз, себебі температура төмен болады және суды тұтыну ыстық суды қалпына келтіру процесін кешіктіреді.
Іске қосылғаннан кейін бірнеше күн ішінде ыстық су сапасының нашарлауы мүмкін.