«Рудненская теплосеть» ЖШС-нің 2021 жылғы инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы туралы » баспасөз туры

Табиғи монополиялар салаларындағы қызметтің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Рудненская теплосеть» ЖШС-нің 2021 жылғы инвестициялық бағдарламаның іс-шаралары шеңберіндегі міндеттемелерін орындауы бөлігінде баспасөз турын өткізді.
Жиналу орны мен уақыты: «Рудненская теплосеть» ЖШС ғимараты, 40 лет Октября көшесі, сағат 16:00, акт залы.
Баспасөз турына қатысу үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, тұтынушылар, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылды.
«Рудненская теплосеть» ЖШС бас инженері Башпаев Самат Галымович 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымының қорытындылары және 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық, сондай-ақ 2021 жылғы инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаның орындалуы туралы баяндады.
Одан әрі пресс-тур аясында нысандарға шығу жүзеге асырылды:

  1. Т / м, 40 лет Октября көшесі ТК-1.20 бастап ТК-5.04 дейін
  2. 19 ш / а, Корчагин к-4 к-ден К-3б жағына қарай
  3. ЖЭО жылу магистралін қайта жаңарту-ІІІ кезек, П-ШОБ павильонынан ТК-3 жылу камерасына дейін

2021 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындау Рудный қаласы мен Қашар кентінің жылумен жабдықтау жүйелерінің басты учаскелерінде орналасқан магистральдық желілерде жүргізілді, сондықтан барлық шағын аудандар мен орамдарды жылумен жабдықтаудың сенімділігі, үздіксіздігі және сапасы қамтамасыз етілді.

ДКРЕМ01
ДКРЕМ02
ДКРЕМ05