
Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары:
- шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілеу;
- адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау;
- мүдделер қақтығысының алдын алу;
- іскерлік этика нормаларын қабылдау және сақтау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері бойынша, сондай-ақ қызметкерлердің қызметтік әдеп талаптарын сақтамау фактілері бойынша хабарламаларды қабылдау үшін:
— «Сенім телефоны»: +7 (71431) 2-47-63
— электрондық пошта: anticor@rudteploset.kz.
Нормативтік құжаттар
-
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мына жерден немесе online.zakon.kz сілтемесі арқылы қараңыз.
-
2015−2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын мына жерден немесе online.zakon.kz сілтемесі арқылы қараңыз.
