Рудный қ. «Рудный жылу желілері» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті 2023 жылғы 17 қантарда Рудный қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша жөніндегі қызметтерге «Рудный жылу желілері» ЖШС-ның тарифінің жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді (Железорудная станциясы).
Жария тыңдауға субъектінің 9 тұтынушысы қатысты.
Тұтынушыларда сұрақтар болған жоқ.
Жария тыңдау барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, сондай-ақ тыңдауға келіп қатыса алмағандар үшін онлайн режимде өткізілді.
Жария тыңдаудағы қатысушыларының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі 2023 жылғы 27 қантарда қабылданады.