Кәсіпорын қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту.

28, 29 және 30 наурызда «Рудный жылу желілері» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлері қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі бойынша жыл сайын оқытудан өтті. Алматы қаласындағы «Атамекен» оқу орталығының оқытушысы Андронов Владимир Александрович оқытуды жүргізді. Оқыту барысында қысымды ыдыстар мен бу және ыстық су құбырларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері қамтылды.